Жанкүйерлер "Манчестер Юнайтед" жейдесіндегі Chevrolet логотипіне қарсы

Жанкүйерлер "Манчестер Юнайтед" жейдесіндегі Chevrolet логотипіне қарсы

"Манчестер Юнайтед" ағылшын футбол клубының фанаттары ойыншылардың футболкаларында Chevrolet-тің логотипінің орын алғандығына қарсылықтарын білдіруде. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі NEWSru.co.il сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жанкүйерлер осылайша General Motors-қа байкот жариялауға шақырып отыр. Клубтың саясатына наразылығын білдірген олар, америкалық концерннің командаға төлеп жатқан ақысына риза еместігін айтуда. Айта кетелік, General Motors бұл Шевроленің кресті үшін клубқа 2013 жылы 70 миллион доллар төлейтін болады. Бұл сома әр жыл сайын 2,1 пайызға артып отырмақ.

Manchester United Supporters Trust (MUST) ұйымының астына біріккен наразы топ бойкоттың негізгі саясаты - клуб иелерінің бұл ісіне фанаттар тарапынан қолдаудың жоқ екендігін білдіру екендіктерін айтты. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: futbolwallpapers.com