WBA Головкинді қазан айының үздік боксшысы ретінде таныды

WBA Головкинді қазан айының үздік боксшысы ретінде таныды
Фото: vk.com

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді қазан айындағы үздік боксшы ретінде таныды.

Қазан айында қазақстандық кәсіпқой боксшы канадалық Давид Лемьені нокаутпен жеңіп, спорттық мансабындағы 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша өз атағын қорғап қана қоймай, IBF тұжырымы бойынша да чемпиондық белбеуге ие болды.

Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшы келесі кездесуін наурыз немесе мамыр айында өткізеді деп хабарлаған болатын. 

Н. Үсенова