Роналдудың жаңа махаббат хикаясы басталды

Роналдудың жаңа махаббат хикаясы басталды
Фото: dni.ru

Танымал футболшы Криштиану Роналду мен дат сәнбикесі Майя Дарвин арасында махаббат хикаясы басталды. Бұл туралы португал басылымы «Correio Da Mahna» хабарлап отыр.

Португал басылымының ақпаратын өзге де батыстық басылымдар шындыққа жанастыруда. 19 жастағы сәнбикемен футболшы әлеуметтік желі арқылы танысқан. Роналду Майя Дарвинді жақында өткен «Реалдың» «Мальмеге» қарсы кездесуіне арнайы шақырған. Сәнбике бұл ойынды алаңнан тамашалағаны туралы «instagram» желісіндегі парақшасында осыған дейін хабарлаған да екен.

Айта кетейік, мадридтік «Реалдың» көшбасшысы 2010 жылдан бері ресейлік сәнбике Ирина Шейкпен қол ұстасып келген еді. Қаңтар айында өткен «Алтын доп» иегерін анықтау кешінен кейін әлем жұртшылығы екеуінің махаббат хикаясы аяқталғанынан хабардар болған-ды. 

Ө. Сансызбай