Ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам пента-трик рекорды тіркелді

Ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам пента-трик рекорды тіркелді
Фото: news.sportbox.ru

«Манчестер Сити» шабуылшысы Серхио Агуэро ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам пента-трик авторы атанды. Аргентиналық сұрмерген «Ньюкаслға» қарсы ойында 20 минуттың ішінде 5 гол соқты.

Ағылшын премьер-лигасында осыған дейін Энди Коул (1994/1995), Алан Ширер (1999/2000), Джермейн Дефо (2009/2010) және Дмитар Бербатов қана (2010/2011) пента-трик жасаған. Енді бұл қатарды Серхио Агуэро толықтырып отыр.

Серхио Агуэроның Еуропадағы жетекші төрт біріншілік ішінде (Испания, Англия, Германия, Италия) ең жылдам пента-трик жасаған ойыншылардың үштігіне енді. Ал осыған дейін мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовский 9 минутта ішінде 5 гол соққан болатын. Екінші орында бұрынғы «Барселона» ойыншысы Ладислав Кубала тұр. 

Ө. Сансызбай