Бекхэм әлемнің 5 үздік футболшысын атады

Бекхэм әлемнің 5 үздік футболшысын атады
Фото: walldes.net

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм өз таңдауындағы әлемнің 5 үздік футболшысын атады. Сондай-ақ бұл маусымдағы Чемпиондар лигасында қай клубтардың фаворит екенін де айта кетті. Бұл туралы испан басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

- Месси мен Роналду – әлемдегі үздік футболшылар. Меніңше, Альваро Мората да әлемдегі мықты ойыншылардың бірі. «ПСЖ» сапында менімен бірге ойнаған Марко Вератти де талантты футболшы. Содан соң, әрине Неймар. Ал ағылшын футболшылары арасында Уэйн Руниді атап айтар едім. Ол «Манчестер Юнайтед» сапында тамаша өнер көрсетіп жүр, - деді Бекхэм.

Ал 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының фавориті ретінде өзі бұрын өнер көрсеткен «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ» клубтарын атады. Футболшы екі клубтың бірі чемпион атанғанын қалайды да екен.

Ө. Сансызбай