Роналду жайлы фильмнің трейлері жарыққа шықты (видео)

Роналду жайлы фильмнің трейлері жарыққа шықты (видео)
Фото: sport-xl.org

Әлем футболы тарихында өз атын қалдырып үлгерген ойыншылардың бірі – Криштиану Роналду. 2014 жылы португалдық футболшы екінші «Алтын добын» иеленгеннен кейін «Universal» киностудиясы фильм түсіруді бастаған еді.

Мадридтік клубта бақ сынап жүрген футболшы туралы фильмнің трейлері кеше жарыққа шықты. Түсірілім жұмыстары 14 айға созылған. Көрілім мен сатылымға ресми түрде 9 қараша күні шығарылмақ.

Фильм футболшының өміріндегі басты оқиғалар мен қиын-қыстау кезеңдерден, үлкен атаққа жету жолындағы мансабынан сыр шертеді. 

Ө. Сансызбай