Тайсон туралы 7 қызықты дерек

1. Боксқа қалай келді?

Атақты боксшы кәсіби мансабын Мұхаммед Әлимен өткен кездесуден кейін бастайды. Майк Тайсон түрмеде жатқан кезінде балаларға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін арнайы әйгілі спортшымен кездесу өтеді. Сол кездесуден алған әсерінен кейін Тайсон өзінің шаршы алаң үшін жаралған жан екенін сезінеді. 

Оның рингте көрсеткен өнерлері өте керемет. 51 жекпе-жек өткізіп, соның 24-ін бірінші раундта нокаутпен аяқтады. Тіпті бір жекпе-жегінде алғашқы 91 секунды үшін 20 миллион АҚШ долларын алған. Ол кезде Майкл Спинксті нокаутқа түсірген еді. 

2. Қарсыласын нокаутқа жіберу үшін 8 секунд жеткілікті болды. 

Майктың ерекше есте қалған шайқастарының бірі -  жасөспірімдер арасында өткен алғашқы Олимпиададасы. Ол 1982 жылы өткен болатын. Сол жұдырықтасуында Тайсонға қарсыласын нокаутқа жіберуі үшін небары 8 секунд қана жеткілікті болды. Сонымен қатар ол 11 жасында 100 килограмм салмақты құрайтын зілтемірді көтеретін қара күшке ие болған. Ол қазіргі таңдағы ауыр атлетикамен айналысатын спортшыларға да үлкен көрсеткіш болып есептеледі. 

3. Жас жеңімпаз.

Одан кейінгі жетістігі - Тайсонның кәсіби рингте ең жас чемпион атануы. Ол 20 жасында барлық бокс тарихында ең жас чемпион атанса, 21 жасқа толғанда күллі әлемді мойындатқан сөзсіз жеңімпаз болды. Ал бала кезінде Майк өзін ренжітетін балаларға қарсылық та көрсете алмайтын болған. 

4. Ең қысқа жекпе-жегі.

Кәсіби деңгейдегі жекпе-жектің бірінде Майк шаршы алаңда отыз-ақ секунд өнер көрсетті. Бұл кездесу 1986 жылы өтті. Онда Майк Тайсон танымал Джо Фрейзердің ұлы Марвис Фрейзерді нокаутқа түсірді. Ол өзінің қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, бір бұрышқа қысып, оң қолымен иек астынан жоғары қарай бағытталған (апперкот) соққы жұмсап, артынша тағы бірнеше жойқын соққылар жасап үлгерді. Мұндай шабуылға шыдамаған Фрейзер бірден нокаутқа құлады. 

5. Ұстаз жолын жалғастырушы.

Түрмеде жатқан кезде Тойсон өзі пір тұтқан Мұхаммед Әли секілді ислам дінін қабылдайды. Оның исламдағы аты - Мәлік Абдул Азиз. Алайда спортшының бұл атын көбі біле бермейді. Өйткені оны бәрі Майк Тайсон деп таниды. Оған қарамастан ол 2010 жылы Меккеге қажылық өтеуге барып, сондағы мешіттің салынуына 250 мың доллар ақша аударды. Жалпы Майк өмірде өте ақкөңіл адам.  

6. Оның тұмары - татуировкалары.

Тайсон өзінің ең сенімді тұмарым деп татуировкаларын айтады. Олар кәсіби боксшы да аз емес. Біріншісі - сол жақ білегінде орналасқан. Онда оның екінші әйелі бейнеленген. Ал оң жақ иығында американдық теннисші Артур Эш тұрса, сол жақ білегінде айдаһардың суреті салынған. Сонымен қатар спортшы жауырынына Мао Дзе Дуннің, ал төменгі қабырғасына Че Гевараның бейнесін салдыртқан.

7. Тайсонның үш әйелі.

Боксшы осы күнге дейін үш рет некесін қидырып үлгерді. Бірінші жары плейбол журналына жалаңаш суретке түсіп, Америкалға аты шыққан - Робин Гивенс. Ол 1995 жылы Empire Magazine жасаған рейтингте әлемнің ең тартымды 100 әйелінің бірі болған. Бірақ бұл жұптың махаббатт хикаялары ұзаққа бармай, бір жылдан кейін ажырасты. Одан кейін Майк Моника Тернер деген бала дәрігерін таңдады. Спортшы онымен бес жыл бірге болды. Ал үшінші әйелі - Латиха Спайсер.  Ол қазір онымен олар бақытты да, баянды ғұмыр кешіп жатыр.