"Алтын доп" Мессидің қоржынында

 "Алтын доп" Мессидің қоржынында

Әлемдегі ең мықты футболшыға берілетін "Алтын доп" сыйлығы испандық "Барселона" мен Аргентина құрамасында өнер көрсететіп жүрген Лионель Мессиге берілді. Бұл сыйлыққа Месси үшінші мәрте қол жеткізіп отыр. 

Салтанатты марапаттау рәсімі Швейцарияның Цюрих қаласында өтті. Осы сыйлық үшін Мессиден басқа "Реал Мадрид" сапысында өнер көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы Криштиану Роналду мен "Барселона" құрамында доп теуіп жүрген Хави күресті. Месси осы клубтың қатарында 2011 жылы Еуропаның басты олжасы - Чемпиондар Лигасын жеңіп алған. Көптеген футбол сарапшылары жеңіс толықтай Мессидің арқасында мүмкін болды деп санайды. Қандай болғанда да, Лионель 1983-1985 жылдары қатарынан үш рет "алтын допқа" қол жеткізген француз Мишель Платинидің жетістігін қайталаған. Мишель сол кезде "Ювентустың" құрамында тер төгіп жүрген еді.

"Жыл жаттықтырушысы" атағы "Барселонаның" тәлімгері Хосеп Гвардиоланың еншісінде. Бұл атақты ол Жозе Моуриньдан тартып алған болатын. Салтанатты рәсімге Криштиану Роналду, Жозе Моуринью мен "Реалдың" аяқдопшылары келе алмады. 

Сурет ғаламтордан алынған