Әлем футболындағы ең беделді 10 тұлға

АҚШ-тың танымал ESPN басылымы әлем футболындағы ең беделді 10 тұлғаның рейтингін түзді. Тізімге әлем футболындағы танымал тұлғалар енген.

Ең беделді тұлғалар рейтингінің көшін қазіргі УЕФА президенті Мишель Платини бастап тұр. Екінші орында футбол агенті Жорже Мендеш болса, үшінші орынға ағылшын премьер-лигасының атқарушы директоры Ричард Скудамор жайғасқан.

Әлем футболындағы ең беделді 10 тұлға:

1. Мишель Платини (УЕФА президенті)

2. Жорже Мендеш (футбол агенті)

3. Ричард Скудамор (ағылшын премьер-лигасының атқарушы директоры)

4. Карл-Хайнц Румменигге («Бавария» клубының басшысы)

5. Лионель Месси (Аргентина мен «Барселона» клубының көшбасшысы)

6. Флорентино Перес (мадридік «Реал» президенті)

7. Нассер Аль-Хелаифи («ПСЖ» клубының президенті)

8. Йозеф Блаттер (ФИФА президенті)

9. Криштиану Роналду (Португалия мен «Реал» клубының көшбасшысы)

10. Джанни Инфантино (УЕФА бас хатшысы)