Дэвид Бекхэмнің қайырымдылығы жанкүйерлерін қуантты (видео)

Дэвид Бекхэмнің қайырымдылығы жанкүйерлерін қуантты (видео)
Фото: eurosport.ru

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы, футбол «жұлдызы» Дэвид Бекхэм «Knock Knock Live» (АҚШ) бағдарламасы ұйымдастырған жоба аясында тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға көмек қолын созды. Футболшының қайырымдылығына разы болған жанкүйерлері өз алғыстарын білдіріп жатыр.

Америкалық тілші Райан Сикресттің жобасына қатысқан Дэвид Бекхэм өз көмегін бұрынғы мексикалық футболшы Гонсалестің отбасына арнауды ұйғарған. Гонсалес спорттық мансабын аяқтағаннан кейін қарапайым жұмысшы болып қызмет жасаған. Тұрмысын түзеу үшін бірнеше жұмыс істеп, отбасын айына бір рет қана көреді екен. Гонсалес отбасының жағдайынан хабардар болған футбол әлемнің даңқты тұлғасы көмек қолын созуға ұмтылған. Бағдарлама аясында Дэвид Бекхэм жағдайы төмен отбасыға 100 000 АҚШ долларын табыстады. Сондай-ақ отбасы мүшелеріне 10 жыл тегін сөйлесуіне ақшасы төленген iPhone сыйлады. Ерекше қуанышқа бөленген отбасы ағылшын футболшысына алғыстарын білдіріп, көздеріне жас алды.

Қазіргі таңда Дэвид Бекхэмнің бұл қайырымдылық ісін әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері жылы қабылдап, ризашылықтарын танытуда.  

Ө. Сансызбай