Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Ұлыбританиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасамын деп жүріп мансабын аяқтады

Ұлыбританиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасамын деп жүріп мансабын аяқтады

Ұлыбританиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасамын деп жүріп мансабын аяқтады

Екінші орта салмақта бүкіләлемдік бокс сериясы (WBA) жүйесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Карл Фроч мансабын аяқтағанын хабарлады. Ол осыған дейін қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін дайындығын бастайтынын жария еткен еді.

Мамыр айында WBA Карл Фрочты чемпиондық атақтан айырды. Себебі, ұлыбританиялық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2014 жылдың мамырында өткізген болатын. Одан кейінгі бір жылға жуық уақыт ішінде өз атағын қорғаған жоқ. Бүкіләлемдік бокс сериясы ережесіне сәйкес, 38 жастағы боксшы бұл уақыт аралығында бірнеше кездесу өткізуі тиіс еді. Нәтижесінде Карл Фрочтан қайтарылып алынған WBA чемпиондығы атағына неміс Феликс Штурмды жеңген ресейлік Федор Чудинов ие болды.

- Маған енді ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Жетістігімнен-ақ менің қандай боксшы болғанымды бағамдай берсеңіздер болады. Бокста маған қолдау білдірген жандарды құрмет тұтамын, және қолғабымды шегеге ілетін шақ та жеткен секілді, - деді Карл Фроч ВВС арнасына берген сұхбатында.

Карл Фроч мансабын аяқтағаннан кейін спорттан алыс кетпейді. Ұлыбританиялық «Sky Sports» арнасында эксперт қызметін атқарады.

Айта кетейік, осыған дейін Карл Фроч орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға емеурін танытқан еді. Ал кездесуді ұйымдастыруға талпынған промоутер Эдди Хирн бұл жекпе-жектің өтуі «НВО» арнасының қаржылық жағдайына байланысты деп хабарлаған-ды.  

 
Фото: miss.inform.kz
Қосылған күні: 14 шілде 2015, 14:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->