Қазақстан спортының таңғажайып төрттігі

Қазақстан спортының таңғажайып төрттігі
Фото: www.facebook.com

Қазақстанның спорт әлемінде ойып тұрып орын алған жұлдыздар бір дастарханда бас қосып, бірге суретке түсті. Олар  кәсіби боксшы, IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, бокстан Әлем чемпионы және Олимпиаданың күміс жүлдегері — Геннадий Головкин, Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі, 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы  Александр Винокуров, жартылай орта салмақ пен бірінші жартылай орта салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы  Серік Сәпиев, зілтемірден екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы  Илья Ильин.

Бұл сурет жақында facebook әлеуметтік желісіне жүктелген болатын. Таңғажайып төрттік тоғысқан суреттің астына жазылған пікір саны көп. Ал суреттің өзі 6000-ға жуық лайк жинапты. 

Бүкіл Қазақстан елінің мақтанышы болған спорт жұлдыздары әлі талай ел мәртебесін асқақтататынына кәміл сенеміз. Дана халқымыз "досыңа қарап, өзіңді таны" демекші, мына суретке қарап, Қазақстанды тануға болады десек, артық айтпағанымыз.

Н. Нұрмаханұлы