«Реалдың» испандық жанкүйерлері Роналдуды көргісі келмейді

«Реалдың» испандық жанкүйерлері Роналдуды көргісі келмейді
Фото: eurosport.ru

Мадридтік «Реалдың» испандық жанкүйерлері Роналдудың өзге клубқа ауысқанын қалайды екен. Бұл туралы сауалнама жүргізген «AS» басылымы хабарлап отыр.

Испан басылымының сауалнамасына «корольдік клубтың» 32 000 жанкүйері қатысқан. Олардың тең жартысы Криштиану Роналдудың өзге клубқа ауысқанын жөн санайды екен. Оның себебі де жоқ емес. Олар португалдық ойыншының тәртібі, әріптестеріне деген қарым-қатынасы мен құрметі төмен деп бағалайды. Футболшыға көңілі толмайтын жанкүйерлер клуб президенті Флорентино Переске Роналдуды 100-150 миллион евроға сатып жіберу туралы өтініш жасап та үлгерген.

Айта кетейік, Криштиану Роналду алдағы уақытта «Реал» сапындағы ресми кездесулерде 11 гол соқса, клуб тарихындағы үздік сұрмерген Раульді басып озатын болады.  

Ө. Сансызбай