«Реал» ойыншысы Неймарды футболдағы қайталанбас тұлға ретінде бағалады

«Реал» ойыншысы Неймарды футболдағы қайталанбас тұлға ретінде бағалады

Мадридтік «Реал» мен Колумбия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес бразилиялық футболшы Неймарды қайталанбас тұлға ретінде бағалады. Қазіргі таңда екі футболшы да Чилидегі Америка кубогы додасына қатысуда.

- Неймар – футболдағы қайталанбас тұлға. Ол – қазір нағыз бабында. Бразилиялықтардың Колумбияны жеңуге толықтай мүмкіндігі бар. Десе де футболда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бізге ұйымшылдық танытып ойнау керек. Кез келген құраманың басынан сәтсіз кезең өтіп жатады. Бізге сондай кезең келген секілді. Келесі ойынға дұрыстап дайындалу керек, - деді Хамес Родригес испан басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Америка кубогының топтық кезеңінде Бразилия мен Колумбия бір топта өнер көрсетуде. Бірінші ойында бразилиялықтар Перу құрамасынан 2:1 есебімен басым түссе, Колумбия Венесуэладан 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын. Екі құрама арасындағы ойын 18 маусым күні өтеді.  

"C" тобы          Ойын                   Жеңіс                   Тең                   Жеңіліс                  Голдар                 Ұпай        
1.    Бразилия 1 1 0 0 2:1 3
2.    Венесуэла          1 1 0 0 1:0 3
3.    Перу 1 0 0 1 1:2 0
4.    Колумбия 1 0 0 1 0:1 0

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар