Қазақ футболшылары «Сантьяго Бернабеуде» доп тебеді

Қазақ футболшылары «Сантьяго Бернабеуде» доп тебеді

Отандық футболдың тарихында тұңғыш рет  қазақстандық оқушылар Испанияда өтетін балалар арасындағы кіші әлем  чемпионатына қатыспақ. Аталған чемпионат шілденің 14-і  мен 19-ы аралығында Испания астанасындағы «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.

Осы жылғы «Coca-Cola-Былғары доп» додасында Қазақстаннан басқа Алжир, Испания мен Үндістан секілді командалар бақ сынайды. Алматы облысы, Іле ауданының оқушылары алдағы күнде Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар, «Реалдың» ойыншылары балаларға Мадридті таныстырып шығады. Одан кейін жас футболшылар аталған команданың ойыншыларымен бірге дайындық жасай алады.

Сурет: tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига