Әлемнің ең үздік футбол жаттықтырушылары

Әлемнің ең үздік футбол жаттықтырушылары
Фото: eurosport.ru

Әлемнің ең үздік футбол жаттықтырушыларының жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл тізімде каталондық «Барселона» бапкері Луис Энрике көш бастаған.

Coachworldranking түзген рейтингте әлемнің үздік бапкерлерінің осы маусымдағы жетістіктері сараланған. Нәтижесінде Испания чемпионы атанып, Чемпиондар лигасы мен Испания кубогының финалына шыққан «Барселона» клубының бас бапкері Луис Энрике үздік деп танылып тұр. Оның еншісінде 17054 ұпай бар. Екінші орынға мадридтік «Реал» бапкері Карло Анчелотти орналасқан. Бұл маусымда ешбір жетістікке қол жеткізе алмаған италиялық маман алдағы жаңарған рейтингте бұл орнын сақтап қалуы екіталай. Үштікті 13219 ұпаймен «Севилья» бапкері Унай Эмери қорытындылап тұр. Бұл маман биыл испандық ұжымды Еуропа лигасының финалына екінші маусым қатарынан алып шығып отыр.

Айта кетейік, сoachworldranking рейтингіне бірде-бір қазақстандық бапкер енбеген. Ал өзге елден келіп қазақстандық клубтарды жаттықтырып жүрген мамандар қатарында Станимир Стойловтың нәтижесі жоғары екен. «Астана» клубын жаттықтырып жүрген болгар бапкері 905-ші орында. Сонымен қатар, Виктор Кумыков («Ордабасы») - 947-ші, Владимир Газзаев («Ақтөбе») – 949-шы, Владимир Вайсс («Қайрат») - 1089-шы орындарға орналасқан.  

Ұқсас жазба

Бағы жанбай жүрген бапкерлер

2014 жылы ең көп табыс тапқан бапкерлер

Ө. Сансызбай