Қанат Исламның ресми сайты ашылды

Қанат Исламның ресми сайты ашылды
Фото: kanatislam.com

Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген боксшы Геннадий Головкиннің кеше мобильді қосымшасы іске қосылса, бүгін Қанат Исламның ресми сайты ашылып, жанкүйерлерін қуантты.

Жаңадан ашылған сайтта спортсүйер қауым Қанат Ислам туралы соңғы ақпараттардан хабардар болып отыратын болады. Сонымен қатар алдағы кездесулері мен жоспарлары жайлы да жазылып тұрмақ. Ал қазіргі таңда қазақстандық боксшының ресми сайтына өмірбаяны, кездесулерінің статистикасы, сұхбаттар, фото мен жекпе-жектерінің бейнебаяндары жүктеліп үлгерген.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокста «Қазақ» деген лақап атпен сәтті өнер көрсетіп келеді. Отандасымыз WBA Fede Caribe тұжырымының чемпионы, жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздік былғары қолғап шебері. Осыған дейін 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 16 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.  

Ұқсас жазба

«GGG» мобильді қосымшасы жарыққа шықты

Ө. Сансызбай