Хосе Перес Серер баласының атын "Қайрат" деп қоюға дайын

Хосе Перес Серер баласының атын "Қайрат" деп қоюға дайын

Алматылық "Қайрат" футбол командасының бас бапкері Хосе Перес Серер баласына "Қайрат" деген есімді қоюға дайын екен. Бұл туралы испандық маман  Vesti.kz сайтында болған конференцияда айтыпты. 

"Сіз білесіз бе, Қазақстандағы ең танымал есімдердің бірі "Қайрат" екенін? Осы есімді ұлыңызға ма, немереңізге ме қоя алатын ба едіңіз?" - деген сұраққа "Қайраттың" бапкері былай деп жауап беріпті: " Иә, мен байқадым. "Қайраттың" бастығы да және командадағы бірнеше ойыншы да осы есімді арқалап жүр. Мен баламның атын "Қайрат" деп қоюға қарсы емеспін. Бұған тек маған бала тауып беретін әйелді көндіру керек".

"Бұл әзіл, сіз түсініп отырғандай" - депті Серер сөз соңында. 

Сурет: frsk.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига