Бүгін Еуропа лигасының қарымта кездесулері өтеді

Бүгін Еуропа лигасының қарымта кездесулері өтеді

Бүгін футболдан Еуропа лигасының 1/8 финалындағы қарымта кездесулер өтеді. Қос кездесу қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым ширек финалға шығатын болады. Назарларыңызға ойындар тізімін ұсынамыз!

Чемпиондар лигасының бір бәс төмен тұратын Еуропа лигасы да тартысты кездесулерге толы. Өткен маусымда бұл додада Испанияның «Севильясы» топ жарған болатын. Бұл ұжым биыл да өз атағын қорғап келеді. Бірінші ойында сырт алаңда «Вильярреалдан» 1:3 есебімен басым түсті.

УЕФА шешімімен Ресей және Украина елдерінің клубтары Еуропа лигасында бір-біріне қарсылас атанбады. Себебі, саясат «салқыны» спортты да айналып өтіп жатқан жоқ. Сонымен бүгін өтетін қарымта ойындар тізімі төмендегідей:

«Динамо» (Ресей) - «Наполи» (Италия) — 23:00 (бірінші ойын - 1:3)

«Рома» (Италия) - «Фиорентина» (Италия) - 00:00 (бірінші ойын - 1:1)

«Динамо» (Украина) - «Эвертон» (Англия) - 00:00 (бірінші ойын -1:2)

«Торино» (Италия) - «Зенит» (Ресей) - 02:05 (бірінші ойын - 0:2)

«Интер» (Италия) - «Вольфсбург» (Германия) - 02:05 (бірінші ойын - 1:3)

«Бешикташ» (Түркия) - «Брюгге» (Бельгия) - 02:05 (бірінші ойын - 1:2)

«Аякс» (Нидерланд) - «Днепр» (Украина) - 02:05 (бірінші ойын - 0:1)

«Севилья» (Испания) - «Вильярреал» (Испания) - 02:05 (бірінші ойын - 3:1)

Ойындар Астана уақытымен көрсетілген

Сурет: reporterntv.ro

Оқи отырыңыз

«Барселона» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Чемпиондар лигасы. «Атлетико» мен «Монако» ширек финалға шықты (видео)

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

Ө. Сансызбай