Криштиану Роналду үйленеді...

Криштиану Роналду үйленеді...

Криштиану Роналдудың Ресейлік супермодель Ирина Шейкпен неке қиятын күні белгілі болды. Бұл турасында Криштиану  Роналду журналистермен болған сұхбатта мәлімдеген.

Әлемнің ең үздік ойыншысының неке қиятын күніне 11-ақ күн қалды. Яғни Еуро-2012 турнирі аяқтала салысымен 12 шілде күні Мадейредегі Порту-Санту аралында некелеседі. 

Жергілікті ақпараттың сөзіне сенсек, мұндай дәрежедегі үлкен той-думан бұрын-соңды Португалия елінде болып көрген емес. Бұл той Мадейра жұртшылығының есінде мәңгі қалады деп санап отыр.

Айта кетсек, Роналду мен Шейк жарты жыл бұрын кезекті бір түсірілім кезінде танысқан болатын. Алдағы болатын той туралы Шейк те жыл басында хабар бере кеткен еді. Одан кейін бәрі құпия күйінде саналып келген-ді. 

Сурет:tinmoi.vn

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига