Марадона сүйіктісі үшін бетіне пластикалық ота жасатты

Марадона сүйіктісі үшін бетіне пластикалық ота жасатты

Атақты аргентиналық футболшы Диего Марадона бет терісіне пластикалық ота жасатты. Ол өзінің 24 жастағы сүйіктісі Росио Оливадан кәрі көрінбеуі үшін осындай қадамға барған көрінеді.

ХХ ғасырдың үздік футболшыларының ортасынан ойып тұрып орын алатын ойыншының бетіне пластикалық ота жасататыны бірнеше апта бұрын мәлім болған еді. Кеше футболшының сүйіктісімен бірге түскен суреті ғаламтор беттерінде пайда болды. Одан Марадонаның пластикалық ота жасатқанын анық байқауға болады.

Естеріңізде болса, Диего Марадона осыған дейін жас сүйіктісі Росио Оливаның Дубайдағы үйінен бағалы заттары мен ақшасын ұрлап кеткенін мәлімдеген еді. Кейіннен қайта табысқанға ұқсайды. Қазіргі таңда Аргентинаның заманындағы даңқты ойыншысы Кубада спорттық бағдарламалар түсіріліміне қатысуда.  

Сурет: sitioandino.com

Оқи отырыңыз

Марадона Пелені неге мойындамайды?

Диего Марадона Роналду мен Мессиді салыстырды

Хамес Родригестің әйелі бетіне пластикалық ота жасатты

Ө. Сансызбай