Роналду – ағылшын премьер-лигасының аңыз ойыншысы

Роналду – ағылшын премьер-лигасының аңыз ойыншысы

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» белді ойыншысы Криштиану Роналду ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең үздік футболшы атанды. Бұл туралы ағылшындық «Daily Mail» басылымы хабарлап отыр.

1992 жылдан бері премьер-лига ретінде негізі қаланған ағылшын чемпионатының үздік ойыншысы онлайн дауыс беру арқылы анықталған. Үш дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду өзге ойыншылардан айқын басымдықпен алға озған. Екінші орынға Тьерри Анри орналасса, үштікті Райан Гиггз қорытындылапты.

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында ойнап жүргенде талай жетістіктерді бағындырды. Үш рет Англия чемпионатын, Суперкубогы мен Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, 2007/2008 маусымда Чемпиондар лигасын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтқан. Алғашқы «Алтын добы» мен «Алтын бутсысын» да ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетіп жүргенде иеленген.

Айта кетейік, бүгін Криштиану Роналду 30 жасқа толып отыр. Осы жасқа дейін ол спорттық мансабында жоғары жетістіктерді бағындырып үлгерді. Ендеше сол жетістіктеріне көз жүгіртіп көрейік.

Криштиану Роналдудың жетістіктері:

«Манчестер Юнайтед»

Англия біріншілігінің чемпионы (3 рет): 2006/07, 2007/08, 2008/09

Англия кубогінің иегері: 2003/04

Англия футбол лигасының жеңімпазы (2): 2005/06, 2008/09

Чемпиондар лигасының жеңімпазы: 2007/08

Англия Суперкубогінің жеңімпазы: 2007

Клубтар арасындағы әлем біріншілігінің чемпионы: 2008

«Реал Мадрид»

Испания чемпионы: 2011/12

Чемпиондар лигасының жеңімпазы: 2013/14

Испания кубогінің жеңімпазы (2): 2010/11, 2013/14

УЕФА суперкубогінің жеңімпазы: 2014

Испания суперкубогінің жеңімпазы: 2012

Клубтар арасындағы әлем біріншілігінің чемпионы: 2014

Португалия құрамасы

2004 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері

2012 жылғы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері

Роналдудың рекордтары

Португалия құрамасының ең үздік сүрмергені: 52 гол

Португалия құрамасы сапында Еуропа біріншілігінде ең көп гол соққан футболшы: 6 гол

Ағылшын біріншілігінде бір маусымда ең көп гол соққан футболшы: 1 маусымда 38 гол

«Реал Мадрид» сапында бір маусымда ең көп гол соққан футболы: 60 гол (2011/12)

Испан біріншілігінде бір маусымда ең көп гол соққан футболшы: 1 маусымда 46 гол

Әлемнің үздік футболшысына берілетін барлық жүлдені жеңіп алған жалғыз футболшы: (2007) қола, (2009) күміс, 2008 (алтын)

«Алтын допты» екі біріншілікте ойнап жүріп жеңген жалғыз футболшы: 2008 ж. (ағылшын премьер-лигасы), 2011 ж. (испан біріншілігі)

Испания біріншілігінде бір маусымда 7 хет-трик жасаған бірінші футболшы

Испан біріншілігінде өнер көрсеткен барлық клубтарға гол соққан футболшылардың бірі

Чемпиондар-лигасының плей-офф кезеңінің үздік сұрмергені: 34 гол

Чемпиондар-лигасында бір маусымда ең көп гол соққан футболшы: 17 гол.

Хет-трик жасаудан Испания біріншілігінің рекордын орнатқан: 23 хет-трик.

Сурет: itv.com

Оқи отырыңыз

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

Роналдудың баласы Мессимен танысты (видео)

Роналду мен Ирина Шейк айырылысып тынды

Ө. Сансызбай