Хамес Родригестің әйелі бетіне пластикалық ота жасатты

Хамес Родригестің әйелі бетіне пластикалық ота жасатты

Танымал тұлғалардың өзі ғана емес, олардың өмірлік серіктері де жұртшылық назарында болатыны анық. Осы маусымда мадридтік «Реал» сапын толықтырған Хамес Родригес ойынын бұқаралық ақпарат құралдары талай рет талқылады. Ал одан кейін оның әйелі Даниэл Оспина сымбаты да көпшілік назарынан тыс қалған жоқ.

Жартылай қорғаушы «корольдік клубпен» келісімшартқа қол қойып, команда сапына ауысқан күннен бастап мадридтік команданың мыңдаған жанкүйерлерінің сүйікті де сүйкімді ойыншысына айналып шыға келді. Ал оның әйелін жергілікті жанкүйерлер ұсқынсыз деп бағалады. Нәтижесінде жақын күндері Даниэл Оспина бетіне пластикалық ота жасатты. Мұрны мен бетінің пішінін өзгертіп, «сұлу» аруға айналып шыға келді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде өзінің жаңа суреттерін жүктеуде.

Айта кетейік, Даниэл Родригес Колумбия ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Давид Оспинаның қарындасы. Ол кәсіби волейболшы болған. Колумбия жастар құрамасында ойнаған. Кейіннен 2010 жылы спортпен отбасылық өмірді араластырмауды жөн деп шешіп, мансабын аяқтап, Еуропаға қоныс аударған. Қазіргі таңда Хамес пен Даниэл Саломей атты қыз өсіріп отыр.

Сурет: vk.com, sports.ru

Ө. Сансызбай