Харьков Еуро-2012 жанкүйерлеріне отшашу сыйлайды

Харьков Еуро-2012 жанкүйерлеріне отшашу сыйлайды

2012 жылғы Еуропа чемпионаты кезінде Харьков тұрғындары әр гол соғылған сайын жұлдыз шоғырындай микросалюттарды тамашалай алады. 

Бұл ақпарды Украинада өтетін Еуро-2012 чемпионатының Харковтегі фан-зонаға жауапты режиссері (жанкүйерлерге жауап беретін) Олег Катков хабарлады. Оның айтуы бойынша, аталған істің басы-қасында қала басшысы Геннади Кернес тұрған көрінеді. 

Катковтың тағы бір сөзіне сүйенсек, жанкүйерлерге арналған микросалюттар "Азаттық" алаңында атылатын болады.  

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА басшылығы Еуро-2012 кезінде жанкүйерлер отыратын жерді барлық базалық инфраструктурамен қамтамасыз етеді. Және украиналық қала басшыларына тұрғызылған алаңқайлар үшін 3,25 миллион евро төленеді.

Сурет: askom-ukraine.com.ua

Л. Лига