"Барсалықтарға" тағылған лақап аттар

"Барсалықтарға" тағылған лақап аттар

«Барселона» — Испаниядағы және әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. 1899 жылы Жоан Гампердің басшылығымен швейцариялық, британдық, испандық және каталондық футболшылардан құрылған команда Каталонияның басты мұрасы саналады. 

Спорт әлемінде, оның ішінде футболда лақап ат қою әдеттегі дүние. "Блауграна" сапындағы ойыншыларға жұртшылықтың қойған өз аттары бар: "Балақай", "Акула", "Бойжеткен", "Егеуқұйрық", "Құнан", "Пелопо", "Сепия".

Оқытушы

Хави. Газет-журналдардың көпшілігінде жазылып келгендей, қатарластары оны «Пелопо» (Pelopo) деп атайды. Бір жолы киіну бөлмесіне ұйпа-тұйпа шашымен кіріп келгенде, әріптестері мұны сан-саққа жорып, ақырында түнімен сүйгенінің жанында болған деп, келеке қылған. 

Бұл лақап доп тепкен бала күнінен айтылып келсе, содан бері Хави үнемі шашын тарап, жинақы жүруге тырысады екен. 

Бүгінде «Барселонаның» орталық жартылай қорғанысы грандтардың қызғанышын тудырады. Хави аталып кеткен Хавьер Эрнандес Креус "El Profe" — «нағыз кәсіби маман» деген атты алып жүр. 

Педро. Канарлық сөйлеу мәнері тілінде сақталып қалғаны үшін және "С" әрпін өзгеше жеткізгені үшін "блаугрананың" шабуылшысын «Сепия» (Sepia – Сепия, теңіз құрты) деп атайды.  

"Барселонадағы" алғашқы жылдарында оны «Флако» (Flaco – Азғын) деп  мазақ қылып, көп уақытқа дейін Канар аралының ең танымал сөзі мойнына тағылып келген көрінеді. Жағымсыз естілуі салдарынан ауыстыруға тура келіпті. 

Қабылан

Вальдес. Аты-жөнінің бірінші әріптерін ( «V.V.»жазуы) қолғапқа түсіруінің арқасында оны «Ла Добле» (La doble – Қабатталған) деген атаққа лайықтайды. Әріптестері азырақ әзілдескісі келсе, оны «Потро» (Potro – Құнан, құлыншақ) деп атайтын көрінеді. 

Каталондықтардың қақпашысы Виктор Вальдес ойындарға үнемі бір түсті жейде, бір түсті шорты мен гетри киіп шығады екен.

Жарық қоңыз

Иньеста. TV3 арнасындағы «Crackovia» бағдарламасына қатысқаннан кейін, ол «Дон Андрес» сияқты жақсы атынан айырылып қалыпты.

Енді оны «Гусилус» (Gusiluz – «Жарық қоңыз» - балалардың қараңғы бөлмеден қорықпай, тыныш жатуы үшін қойылатын зат) деп қағытады екен. 

"Барселоны" жақсы көрмеуге болатын шығар, бірақ егер сіз Испания құрамасына жанкүйерлік еткен болсаңыз,  Иньестаны сөзсіз сыйлайтыныңыз анық. Испан жартылай қорғаушысы өзінің ылғи өңі бозарып жүруі салдарынан «Каспер», «Өлім» аталып кеткен. 

Жылдам бүрге 

Месси.  Леоны туған жерінде және алыс шалғай өңірлерде «Ла Пульга» (La Pulga – Бүрге), не болмаса «Ла Пульгита» деп атау кеңінен танылып кеткен. Алайда, «блаугрананың» киіну бөлмесінде оған аялап айтылатын айдар тағылған - «Эль Энано» (El Enano – Балақай).

Сеск.  "Барсаның" қатарына қосылғаннан бері Аренистің тумасы өзінің ерекше шаш үлгісімен және сол шашын қиюға үзілді-кесілді қарсы болған қылығымен ерекше танылып келеді екен. 

Бірақ, бүгінде «Эль Пелукас» (el Pelucas – Жасанды шаш) деген лақаптың ізі суып үлгерген. Сескті әріптестері әртүрлі лақап атпен атайтын көрінеді. 

Арыстан жүрек

Пуйоль. Пуйолдың шашы да көп жұртқа қызық  болып көрінеді. Ла Побланың тумасын ерекше шаш үлгісі үшін және тұрмыста "жабайылықтары" үшін  «Тарзан» деп атап кеткен. 

Жанкештілік пен кәсібилік Карлес Пуйольді «Барселона» жанкүйерлері арасындағы ең танымал жанға айналдырды. 

Пикенбауэр

Пике. "Блаугрананың" орталық қорғаушысы келіншегі Шакираны ынтық көңілмен күтіп алып жатқан сәт суретке түсіп қалған. Жерардты содан бері «Пикетон» (Piquetón – әріптер ойыны, ұлғайғанда. Пика, Пик) деп атап, онысы бір уақыттарда басылымдарға басты тақырып болып қойылып, тіпті, Twitter-де хэш-тэгке айналған. 

Әріптестері оны мәз-мәйрам көңілі үшін әжуа қылып, бір-бірлерін душқа кірмеуге "үгіттеп", онда  «Пикетон» бар ғой деп мазақ қылатын көрінеді. 

Жерард Пике Бернабеу каталондық үлкен дәулетті отбасынан шыққан. Пикенің балалық шағы қиындықсыз өтіпті. Барселонада туды, Барселонада өсті және тегі Бернабеу болуында еш қорқыныш жоқ.

Тарантул

Дани Алвес. Құлағына операция жасатқаннан кейін бразилиялық бұзақы ойыншы «Тибурон» (Tiburón – Акула) деген лақап атқа лайықталған.  

Ертеректе оның құлағы қалқиып тұратын болыпты. Бүгінде операцияның арқасында әріптестеріне күлкілі азық болуға жарап отыр. 

Қаптал бұрыштағы ойыны үшін жұртшылық оны "жарғанат" деп атағанды да жақсы көреді.

Әртіс

Серхио Бускетс Бургосты қатарластары "қар тазалаушы" деп атайды екен.

Испанияда қар жаумайтыны анық. Бұл лақап аттың футболшының алаңдағы міндетіне байланысты қойылғаны анық. Жақтырмайтын жұртшылық "әртіс" деп атап кеткен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com; blog.isport; eurosport.se 

Л. Лига