Роналдудың ресми сайты ашылды

Роналдудың ресми сайты ашылды

Мадридтік "Реалдың" португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің ресми жаңа сайтын таныстырды, деп жазады dnoticias.pt.

Сайттың мекенжайы - cristianoronaldo.com. Мұнда 2013 жылдың "Алтын доп" иегері жайлы соңғы мәліметтерді біле отырып, суреттер мен ойындарды жүктеуге болады екен.

Жанкүйерлерге арналған мейман бөлімі бар.

Ертеректе Роналду өз құрметіне музей ашқан болатын. Музей футболшының алғаш спорттық жолы басталған Мадейра аралында ашылған еді.

Музейге 28 жастағы футболшының жұлдыздық карьерасына байланысты жетістіктері, естелік сыйлықтары, суреттері мен жүлделері қойылған-ды.

Естеріңізге сала өтсек, бұрынырақта Германия құрамасы мен лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озилдің өз атынан дербес сайт ашқанын жариялаған едік. Сайттың мекенжайы - mesutoezil.com.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: dnoticias.pt

Л. Лига