"Алау" - планетадағы ең үздік стадион атанды

"Алау" - планетадағы ең үздік стадион атанды

"Алау" стадионы. Астана

Голландиялық AD Sportwereld журналы әлемнің коньки алаңдарын сараптап, ең үздік деп тапқан стадиондардың тізімін жариялапты. Рейтингтің басында Астана қаласындағы "Алау" мұз айдыны тұр. Осы орайда, стадионнның өкілдері: "Алау - расында жан-жақсы ойластырып салынған, сапалы спорттық объект. Әлемдегі барлық стадиондармен бәсекелесе алатын әлеуеті бар екендігіне күмәніміз болмаған. Голландиялық зерттеушілердің рейтінгісі біздің осы сенімімізді нықтай түсті. Зерттеу жүргізген сарапшылар өз ісінің білгір мамандары екені анық. "Алау" абыройының бөтен ел азаматтарының көз алдында асқақтағанына біз расымен қуаныштымыз", - деп сұхбат беріпті. 

ва

"Алау" мұз айдыны. Астана

Екінші орын Голландияның Херенвейн қаласындағы "Тиалф" аренасына берілген екен. Үшінші орын Канададағы Калгариде орналасқан "Олимпиадалық Овалға" бұйырса, үздік төрттікті Германияның Инзел қаласындағы  "Макс Икхер Арена" түйіндепті. Рейтингті бесінші болып Челябнскідегі "Оралдық Найзағай" аяқтады.  

авп

Тиалф. Херенвейн.

 

v

Олимпиадалық овал. Калгари


сурет: bigtown.kz, livejournal.ru, galov.com