Жуниньо Пернамбукано футболмен қоштасты

Жуниньо Пернамбукано футболмен қоштасты

Кезінде Бразилия құрамасы мен француздың "Лион" командасы сапында өнер көрсетіп, жасындай жарқылдаған жартылай қорғаушысы Жуниньо Пернамбукано футболдағы өз мансап жолын аяқтауда. Бұл жайында аталған бразилиялық клубтың президенті Роберто Динамите мәлім етуде, дейді Goal.com сайты. 

Отыз тоғыз жастағы бразилиялық аяқ допшы футболдағы мансап жолын 1993 жылы «Спорт Ресифи» клубы сапында бастапты. Осы уақытқа дейін Бразилия ішкі біріншілігінде екі мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізсе, 7 мәрте Франция біріншілігінде топ жарған. Алыс 2005 жылы Бразилия құрамасы сапында Конфедерация Кубогінің жеңімпазы атаныпты.

Жуниньо «Лион» сапында 148 ойын өткізіп, 75 голмен көзге түскен. Бразилия құрамасының қатарында 40 ойында 6 рет мергендігімен танылыпты. 

Айып добын орындаудың хас шебері Жуниньоның дәл бүгінгі таңда өз қоржынында айып добынан соғылған 75 доп бар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: football-side.com 

Л. Лига