Роналдиньоға дейін ән салғандар...

Роналдиньоға дейін ән салғандар...

Музыканы, әнді адам жаны сүйеді. Әсем  әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Кез келген адам немесе маман иесі болсын музыка құдіретіне бас иері анық та шығар. Ілуде біреу болмаса... Ал үлкен сахналарда ән айтып, клип түсіріп жатқан спорт майталмандары да жоқ емес. Баршылық. Ендеше кезек беріп көрейік.

Кеше ғаламтор беттерінде Бразилияның әйгілі футболшысы Роналдиньоның рэперші Edcity-мен біріге түсірген клипі пайда болды. Осыған дейін бұл қырымен аса таныла қоймаған футболшы жанкүйерлерін тағы бір таңдандырды. Енді өзге де футболшылар жөнінде:

Криштиану Роналду


2013 жылғы «Алтын доп» иегері және мадридтік «Реалдың» португалдық футболшысы Криштиану Роналду да бос уақытында ән айтқанды жақсы көреді екен. Қазіргі таңда шабуылшының жеке қорында бірнеше әні мен клиптері де бар. Тіпті өткен жылы «корольдік клубтың» кездесу алдында орындалар ұран әнін жазуға да күш салып көріпті. Ол музыка туралы:

- Музыка – менің өмірімнің бір бөлігі іспетті. Меніңше, музыкасыз әлемдегі адамдар бақытсыз. Мен музыканы жақсы көремін. Футболдан өзге істермен айналысқан өзіме ұнайды. Студияға барып, достарыңмен ән айту – көңіл-күйдің бір дауасы деп түсінемін - депті бір сұхбатында.

Хавьер Дзанетти


«Интер» командасының көп жылдан бері капитаны болып келе жатқан Хавьер Дзанетти де әнді тамаша орындай алады. Оның музыкалық қорында бірнеше ән бар екен. Өткен жылдың қыркүйек айында Италия жасөспірімдері жақсы көретін «Ci vuole un fiore» әнін орындап, түскен қаржысын қайырымдылық қорына аударыпты. Сонымен қатар, әйгілі Италия әні «Parole, Parole» мен командаластарымен бірге шырқаған әндері де жетерлік екен.

«Ювентус» командасы


Туриндік команда да ән жаздырған. Құрамында Дель Пьеро, Джанлуиджи Буффон және Фавио Каннаваро сынды танымал футболшылар орындаған әнді тыңдап көріңіздер.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fannet.org

Ө. Сансызбай