Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Ақшасын есепсіз жұмсаған футболшылар

Ақшасын есепсіз жұмсаған футболшылар

Ақшасын есепсіз жұмсаған футболшылар

Біз әдетте футболшылардың қанша табыс табатыны жайлы жиі әңгімелейміз. Мықты ойыншы жақсы жалақы алады. Оның өмірдегі де клубтағы да құны сонысымен жоғары. Бір-ақ мәрте берілетін өмірді кім қалай сүрсе де құқылы немесе маңдай термен тапқан табыстың қызығын қалай көрсең де өз еркің. Бірақ кейде тым артық кетіп қалатын кездер болады. Біз бүгін ақшасын есепсіз жұмсаған футболшылар туралы айтпақпыз. Бұл ойыншылардың іс-әрекетіне қандай баға береріңіз де өз құзырыңызда. Сонымен...

Элджеро Элиа және үлкен теледидар


Германиялық «Вердер» клубыннан екі миллион еуро жалақы алатын, нидерландық Элджеро Элиа Samsung S9 үлгісіндегі теледидар сатып алды. Теледидардың экраны 85 дюйм, салмағы 85 килограмм, Ultra HD TV жаңа үлгідегі сапалы суреттерді тамашалауға болады. Бұл теледидардың бағасы 34 мың еуро тұрады.

Пьер-Эмерик Обамеянг және ерекше аяқ киім

Дортмундтық «Боруссия» клубының ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг ерекше аяқ киімдерді жақсы көреді. Ол ойлана келе өзіне Swarowski кристалды аяқ киімін тіктіруге ұйғарым жасайды. Обамеянг алдымен Африка халықтарының кубогы-2012 аламаны қарсаңында Габона құрамасының бутсысы түстес аяқ киімге тапсырыс берген. Ерекше бутсының өкше тұсында аты-жөнінің алғашқы әріптері, және туған елінің жалауы бейнеленген.

Обамеянгтың тағы бір ерекше бутсысы бұрын өнер көрсеткен «Сент-Этьен» клубының үлгісінде тігілген:

Осындай аяқ киімнің әр біріне шамамен елу сағат уақыт, танымал фирмадан 4000 кристалл жұмсалған. Футболшының банктегі шотынан аяқ киімнің әр сыңарына 3700 еуродай ақша аударылған. Артынша Дрогба, Калу, т.б. ойыншылар да өздеріне Обамеянг сынды ерекше бутсы тіктіріп алған көрінеді.

Дитмар Хаманн және құмар ойындарға деген махаббат

«Бавария», «Манчестер Сити» және «Ливерпуль» сынды беделді клубтардың экс-ойыншысы Дитмар Хаманн бірнеше жыл бұрын құмар ойынмен ауырған екен. Ол казиноға бір түнде екі жүз мың фунт көлемінде ұтылып қалған. Осыдан біраз уақыт бұрын Дитмар Хаманн жалпы көлемі 600 мың фунтқа қарызға батқанын мәлімдеді.

Месут Озил және қымбат көлік

Озилдің Хаманнға қарағанда ақшамен қатынасы жақсырақ. Неміс ойыншысы тіпті өзіне 170 мың фунт тұратын Ferrari 458 көлігін сатып ала алады. Ағылшын премьер-лигасы футболшыларының иелігіндегі көліктермен салыстырғанда бұл көлік – ең қымбат көліктердің қатарынан орын алады. Бұл көлікпен Англияда Джек Уилшер, Матье Фламини, Тео Уолкотт, сондай-ақ Фрэнк Лэмпард және Джон Терри, Майка Ричардс және Нани жүреді.

Дэвид Бекхэм және хан сарайындай үлкен үй

Мадридтік «Реал», «Манчестер Юнайтед» және «Милан» клубтарының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм өзіне Лондонның батыс жақ бөлігінен 79 миллион еуроға әдемі үй сатып алды. Үлкен үйде қарпайым бөлмелерден бөлек, Виктория мен Бекхэмнің арнайы аяқ киімдер топтамасы мен киім-кешектерін сақтауға арналған орындар бар. Үйдің тағы бір ерекшелігі, Panic Room деп аталатын дыбыс өткізбейтін қабырғасының болуында жатса керек. Бұл бөлмеде ауыр жұмыс күнінен кейін жеке немесе әлемдік мәселелерді талқылап, сыр шертісуге болады. Өмір заңы қатал... Қысқасы, бұл үй жайлы әрі әдемі салынған, егер ұры-қарылар келсе қорықпауға болады.

Златан Ибрагимович, арал және есімдер жазылған ойын приставкасы

Ибрагимович мырза рейтингтердің бәрінен алдыңғы қатарда тұр. Алаңдағы қауіпті ойыншы бос уақытын каратемен айналысуға жұмсайды. Ойын барысында түрлі әдістер көрсетіп, әдемі доп соққанды қалайды. Сосын ол 150 км/сағат жылдамдықпен жүйтки жөнеледі. Златан өмірде аң аулағанды жақсы көреді. Құмарлығына қолайлы болу үшін ол Швецияның үшінші биіктігіндегі Давенсо аралын сатып алды. Аралдың аумағы 500 гектарды құрайды. Енді ол қалаған уақытта аралына барып сүйікті ісімен айналыса алады.

Златан сонымен қатар желтоқсан айында командаластарына тамаша сыйлық жасады. Ол «ПСЖ» ойыншыларының есімі мен нөмірі жазылған жаңа үлгідегі XBOX One атты ойын приставкасына (бейнеойындарға арналып құрастырылып, жасалған мамандандырылған электрондық құрылғы) тапсырыс берген.  

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru, arab-new.ru, goal.net.ua, lfcfamily.ru

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 10 қаңтар 2014, 17:04
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2014, 19:22

Златанның ісі дұрыс екең :?:

+0
10 қаңтар 2014, 19:36

Златан да қазақтың қаны бар сияқты ғой))

+0
11 қаңтар 2014, 14:30

Иә, Златан суретке қазақ сияқты түсіп қалыпты)

+0
10 қаңтар 2014, 20:27

:x :x :x :x :x

+0
11 қаңтар 2014, 02:12

мә саған керемет екен маған Озилдің ісі ұнады жалпы Дитмар Хаманн ісінен басқасынын бәрі ұнады ;) ;) ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.