"Менен гөрі «Барсаға» Гвардиола қажет"

"Менен гөрі «Барсаға» Гвардиола қажет"

«Феноменальды талант» иесі, «тарихта ең мықты ойыншы», «жатғаламшарлық», «Sony Playstation ойыншысы» тәрізді қошеметтер, үш рет «Алтын доптың» иегері, үш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, Аргентина құрамасының капитаны, «Барселонаның» 25-жасар шабуылшысы Лионель Месси жайындағы қошеметтердің бір бөлігі ғана.

* * *

Менің  жасап жүргенім, - жай бір шатпақ дүниелер. Одан да қиыны Хави мен Иньестаның жасап жүргендері болмақ.

Мен жеке рекорд орнатуды мақсат етпеймін, біздер Чемпиондар Лигасын жеңіп алғымыз келеді, ол үшін жеңіс қажет.

Гол салудан гөрі, ойында ұтуды құптаймын.

Криштиану екеуіміздің  арамызда ешқандай бақталастық жоқ. Бұл БАҚ-тың әсерінен болуда. Ешқашан онымен бәсекелесіп көрген емеспін.

Жеңіс – біздің жалғыз ғана арманымыз. Жеңіс бізді шаршатқан емес. Күллі жеңісіміздің сыры осында.

«Барселона» академиясында ұялшақ, өте тұйық мінезді болып жүргенде мені көпшілік сыр шашпайтын адам ретінде қабылдапты.

Футбол тарихындағы ең үздік ойыншымын? Мен тарихта ең үздік болып қалу үшін емес, өзімнің командамның жеңісі үшін және футболсүйермен көрермендер үшін ойнаймын.

Менен гөрі «Барселонаға» Гвардиола қажет деп ойлаймын.

Марадонамен мені салыстыру? Бұл әлемде Марадона ұқсайтын тек бір ғана адам бар, ол ұқсайтын тек өзі ғана.

Егер «Барселона» болмағанда, маған танымал болу қиынға соғар еді.

Біздің жеңістеріміз, мүмкін, ғажайып таяқшаны ишаралаумен келе салғандай, жай болып көрінуі мүмкін. Алайда, біздің нәтиже – табанды еңбек-тердің жемісі.

«Барселона» мен үшін көп нәрсе жасады, сол үшін де әр уақытта соған лайықты алғысымды білдіруге тырысамын.

Өзімді үздік деп есептеймін, дей тұра, бұл үздік – «Барселона».

Біз қашан да жақсылыққа ұмтыламыз.

Сен Әлем чемпионатын бір рет болсын жеңіп алмай, шын мәнінде ұлы адамға айнала алмайсың.

Өзіңіздің сұрақтарыңызға жауапты футболдағы доп тебуімнен табасыз.

Моуриньоның барлық сөзін жаныңа қатты қабылдамаған абзал.

Футбол алаңына капитандықпен шығу – әр уақытта баға жетпес жетістік.

Мен ешкімнің алдында ақталмаймын, мен ештеңе де жеңбедім. Иньеста мен Хави және арада еш бәсекелестік жоқ. («Алтын допты» аларда) 

Мачты трубина мен скамейкада отырып тамашалағанды жек көремін, егер мен ойнағым келсе, тек алаңда ғана табылғым келеді.

Мен ОАР мемлекетіндегі әлемдік чемпионаттан құлап кеткенде - ең соңғы рет жылағанмын.

(«Шахтерға» қарсы ойында) Біз өз алаңымыздамыз, сондықтан жеңуіміз қажет. Әдеттегідей.

Менің балалық шағымнан бері ештеңе де өзгермеді. Мен балалық кезімде ойнаған футболды әлі де ойнап жүрмін.

Футбол – бар болғаны ойын. Сондықтан ең маңыздысы - рахат пен ләззатқа бөлену.

Біз Моуриньоға көңіл бөлмеуге тырысамыз. Дегенмен, кейде ол ащуға тиетіндей сөздер айтады.

Мені ешкім танымайтын жерде жүргенді жақсы көремін.

Мен алаңға шыққан кезімде, аяқтан соққы алу дегенді ойламауға тырысамын. Бұл уақытта тек футбол туралы ғана ойға берілемін.

Мен қартайған уақытымда, мүмкін, «Ньюэллс Олд Бойз»-де ойнайтын болармын.

Жеңістің болмауы мені қатты ашуландырады. Ең бірінші әлем чемпионатында құлау, Америка кубогын ала алмау, енді тағы да міне... (Аргентина мен Боливияның теңбе-тең нәтижелі матчы соңында) 

Мен төрешілердің жұмысын талқылауға әдеттенбегем. Бірақ кейде олардың асқақтап кететіні соншалық, сені карточка арқылы қорқытқысы келетіндей көрінеді.

Менің қазіргі арманым – әлем чемпионатын ұтып алу және Америка Кубогін иелену.

«Барселона» менен жалықпас. Мен мұнда ер жеттім. Мен «Барселонаның» түлегімін.

* * *

Төмендегі бейнематериалда аргентиналық ойыншының ең үздік 20 нәтижелі пасы ұсынылады:


Аударған: Әкежан Дәкен

сурет: zimbio.com

Л. Лига