Рибери: "«Алтын допқа» екі ойыншы ғана лайықты, олар..."

Рибери: "«Алтын допқа» екі ойыншы ғана лайықты, олар..."

Мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы "Алтын допқа" бас үміткердің есімін атады... 

"Баварияның" көшбасшы жартылай қорғаушысы арнаулы жүлдеге талас-тартыста португалдық сұрмергенді бас үміткер санайтынын жасырмайды. Өздеріңіз білетіндей, "Алтын доптың" күні бұрын Месси, Роналду, Рибeри арасында таласқа түсетіні белгілі болған. Белгілі болғандай, Фрaнк бұл жолы негізгі қарсылас ретінде өзіне "Реалдың" шабуылшысын қарастыруда: 

"Барлығымыз білетіндей, Криштиaну Рoнaлду супер футболшы саналады. Әрине, өз кезегінде ол да "Алтын допты" алуға лайықты.

...Бірақ, дауыс беру барысы жыл бойына жеткен жетістіктерді қамтиды ғой. Сол тұста тек екі ойыншының ғана осы жүлдені алуға лайықты екенін айтқым келеді, бұлар - мен және Роналду. Жұрттар дұрыс таңдау жасасын" - дейді Рибери. 

Естеріңізге сала кетсек, арнаулы жүлде 13 қаңтарда Цюрих қаласында табысталады. 

 Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.obozrevatel.com

Л. Лига