Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Фергюсон кітабынан 45 қате табылды

Фергюсон кітабынан 45 қате табылды

Фергюсон кітабынан 45 қате табылды

«Манчестер Юнайтед» командасының 27 жыл бойы тізгінін ұстаған сэр Алекс Фергюсон қазан айында «Менің автобиографиям» атты кітабын шығарған еді. Қазіргі таңда аталған кітап оқырмандары туындыдан 45 қате тауыпты. Бұл туралы ағылшындық The Daily Mirror басылымы хабарлап отыр.

Аталған басылымның хабарлауынша, оқырмандардың бірі Алекс Фергюсонның кітабын шығарған баспаға туындыны қайта әкеліп берген. Ол кітаптағы өріп жүрген қателерге көңілі толмайтынын жеткізген. Енді Hodder and Stoughton басылымы жіберген қателіктері үшін аталған кітапты сатып алғандардың ақшасын қайтарып беруге уәде берді. Басылымның бас директоры Джейми Ходдер-Уильямстың айтуынша, «Менің автобиографиям» кітабы бірнеше рет тексерістен өткен. Дегенмен бұл қателерді байқамаған көрінеді.

Кітаптағы көптеген қателер жыл көрсеткіштеріне байланысты болып отыр. Мәселен «қызыл сойқандардың» жартылай қорғаушысы Райан Гиггз 16 жасында негізгі құрамда алғаш алаңға шықты деп жазылса, шын мәнінде ол 17 жасында алғашқы кездесуін өткізген. Рой Кин 11 жыл «Манчестер Юнайтедте» тер төкті деп жазылса, футболшы 12 жыл «Олд Траффордта» өнер көрсеткен. 2001 жылы Яп Стамды манчестерлік команда «Ромаға» сатты деп жазған. Ал ол негізі «Лациоға» ауысқан болатын.

Естеріңізге сала кететін болсақ, шотландиялық бапкердің кітабы 22 қазанда сатылымға шыққан еді. Сатылымның алғашқы аптасының өзінде кітаптың 115547 данасы өз оқырмандарын тауып үлгерген. Бұл нон-фикшн жанрында жазылған кітаптар арасында рекордтық көрсеткішке айналған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fapl.ru

Қосылған күні: 18 қараша 2013, 17:46
Пікірлер
+0
18 қараша 2013, 18:42

ахах)

+0
18 қараша 2013, 18:52

Осындай қателерді көре білген оқырмандардан айналайын! Ақшасы құрсыншы адалдығын айтсаңшы

+0
18 қараша 2013, 19:43

Ой біздің баспалардан қате-қате боп талай шыққан.

+0
18 қараша 2013, 19:48

массагеттін блоктарында қате жетіп артылат

+0
18 қараша 2013, 19:55

Автордың өзіне ескерте салса жарар еді ғой...Сонша көтерілудің қажеті не

+0
18 қараша 2013, 21:31

Саясат! САФ ты әлі көре алмай келеді ау. Қойса болады ғо сол шалды

+0
19 қараша 2013, 05:34

мә саған 45 қате деген тым копқой ;) ;) ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.