"Қызыл сойқандардың" құпиясы

"Қызыл сойқандардың" құпиясы

Футбол тарихындағы аты аңыз бапкер, «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсон бапкерлікте толағай жетістікке жетудің өзіндік сырларымен бөліседі... 

Сэр Алекс үлгерімді жаттықтырушының негізгі үш еңбек нәтижелілігін бөліп алып қарастырған жан. Футболда оған қосымша іскерлік әдебі мен адалдық-ниеттестік, философия келіп қосылады. Тіпті, бір сөздерінде бас бапкер ұжым іші бір ауыздан бір әнді шырқап отыруы тиіс екендігін, тіпті, егер ол ән нашар шығып жатса да деген астардағы ойларын жасырып қалмаған-ды. 

71 жастағы маман өз көмекшілерінің өзінің ұстанатын бағытына қарсы жүріп отырғанын құп көрмеген. Бір арнадан табылатын ойлар толайым жетістіктерге жол ашуы мүмкін екендігіне бек сенген...

"Футболда ең бастысы - ешқашан берілмеу". Бұл Алекс Фергюсонның бапкерліктегі ұстанымы. Бұған дәлел ретінде, бірінші таймда ұтылып жатқан ұжымның соңғы минуттарда таразы басын теңестіріп, тіпті, мүмкіндік болып жатса жеңіске бастар тура жолды адаспай тауып жатқан кездері көз алдымызда келеді.

Үлкен футболда үлкен жанға айналу үшін уақыт сынының небір кедергілерінен өту керек. Аталған кедергілерден бас тартып, аталған кедергілерден бой суытып көрмеген "қызыл сойқандардың" жаттықтырушысы, керісінше, кез келген қиындыққа қуана отырып кірісіп, қуана отырып жеңіп шығып жататын..

Кейде футболшылардың ойын барысында өз үдесінен табылуы үшін, шабыттандыру отыру қажет. Әдетте, алаңда мықты төзім мен алғыр мінез-құлықтағы адамдар жеңіп отыратыны анық. Әлемнің екі тарлан бөрісінің біріне баланып отырған Роналдуды да кезінде шабыт шыңына шығарып, шалқытып жіберген шотландық бас бапкер болатын. Сол уақыттың ойынына көз жүгіртсеңіз, сэр Алекстің футолшыларының аяқ алысы қадамдарының қуаттылығымен, жігерлілігінің қуаттылығымен көпшілікті қуантатын.

Футболмен қош айтысқан Алекс Фергюсон ағылшын футбол тарихындағы ең жүлделі тренер саналады. Сонымен қоса, оны әлем футболының тарихында кемеңгер жанға балайтындар бар. «The Times» нұсқасы бойынша соңғы уақыттардың ең үздік төрт жаттықтырушысының қатарына енсе, World Soccer мен ESPN FC нұсқалары бойынша барлық уақыттардың және халықтардың тарихындағы ең үздік бапкер атанған.

Автор: Фараби Арыстанбек

Сурет: rsport.ru

Л. Лига