Фергюсонның кітабы сатылым жағынан рекорд орнатты

Фергюсонның кітабы сатылым жағынан рекорд орнатты

Ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтед» клубының жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсонның автобиографиясы Ұлыбританияда сатылымы жағынан рекорд орнатты, деп жазады Daily Mirror.

Алғашқы аптаның өзінде кітаптың 115547 данасы сатылып кеткен. Ал бұл өз кезегінде рекордтық көрсеткіш. Осы бір аралықта жалпы есепте алғанда Ұлыбританияда кітап сатудан түскен қаржы 30.7 млн фунт стерлингті құраған, оның ішінде 1.4 миллионы әйгілі шотландықтың автобиографиясына жұмсалып отыр. 

Естеріңізге сала отырсақ, жақында Манчестер қаласында сэр Алекс Фергюсонның құрметіне көше аты берілген болатын. "Олд Траффорд" стадионының маңына орналасқан "Уотерс Рич" көшесі енді "Алекс Фергюсон" көшесі деп аталады. Бұған дейін де "Олд Траффорд" стадионының бір бөлік мінбесінде "қызыл сойқандарды" 26 жыл жаттықтырған жаттықтырушыға мүсін қойылған еді. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: mirror.co.uk

Л. Лига