"Барселонада" әлемнің 12 елінен келген 55 футболшы ойнайды

"Барселонада" әлемнің 12 елінен келген 55 футболшы ойнайды

Каталондық "Барселонаның" негізгі, екінші және жасөспірімдер командасында өнер көрсететін 55 футболшы өз кезегінде 12 елдің әртүрлі жастағы өкілі саналады. 

Соның ішінде, каталондық клубтың 20 футболшысы өз елдерінің ұлттық құрамында ойнаса, 11-і жастар құрамасында, ал қалған 24 футболшы жасөспірімдер сапында өнер көрсетеді. 

Аталған 55 футболшы келесі кезекте мына елдерді таныстырады: Испания, Бразилия, Аргентина, Чили, Камерун, Нидерланды, Македония, Португалия, Парагвай, Франция, Германия және Оңтүстік Корея.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: newsbarca.com 

Л. Лига