Кличко шаңырақ көтеруді ұйғарыпты

Кличко шаңырақ көтеруді ұйғарыпты

Украиналық боксшы Владимир Кличко жақында ғана ресейлік Александр Поветкинді жеңгеннен кейін шаңырақ көтеруді жоспарлапты. Бұл туралы боксшының болашақ жары голливудттық актриса Хайден Пеннетьери АВС телеарнасының бағдарламасында мәлімдеген.

Голливуд жұлдызы мен атақты боксшы арасындағы дүбірлі тойдың уақыты әлі белгіленбепті. Бірақ, Хайден Пеннетьери тойдың жақын күндері болатынын, және Владимирдің қолына гауһар жүзік салғанын жасырмаған. 

Владимир Кличко мен Хайден Пеннетьери 2009 жылы танысқан екен. 2011 жылы қос ғашық арасында аздаған келіспеушіліктер орын алып, бір-бірімен хабарласпай кеткен. Алайда қос жұп уақыт өте өз жарасымын қайта тауыпты. Боксшы мен актриса бойлары бір-біріне аса қатты сай келмейтін көрінеді. Хайден ең ұзын биік өкшелі туфлиін кисе де, бойы алпауыт Владимирдің иығына жетпейді екен.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Владимир Кличкомен шаршы алаңға шыққан Александр Поветкин де кездесу алдында шаңырақ көтерген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: livejournal.com

Ө. Сансызбай