Головкин мен Стивенс арасындағы кездесудің видеоанонсы

Головкин мен Стивенс арасындағы кездесудің видеоанонсы

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (GGG) мен чемпиондық белбеуге үміткер американдық Кертис Стивенс арасында өтетін жекпе-жекке орай бүгін арнайы видеоанонс көрсетілді. 

Геннадий Головкин осы күнге дейін кәсіпқой бокста 27 кездесуге қатысып, оның барлығында да жеңіске жетті. Гена 24 кездесуде қарсыласын нокаутпен айқын ұтты. Ал бруклиндік Кертис Стивенс болса 28 кездесуінің 25-інде жеңіске жетіп, тек 3 мәрте жеңіліске ұшыраған. Оның еншісінде 18 нокаут бар.    

Осыған дейін біз Кертис Стивенстің Головкинге қарсы аузына келген сөздерді айтып, біраз психологиялық қысым көрсеткенін де жазған болатынбыз. Бірақ кейін өзі кешірім сұрап, жағдай бейбіт аяқталған еді. 

Естеріңізге салсақ, қос боксшы арасындағы кездесу 2-қараша күні Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл кештегі жекпе-жектер сериясын әлемге HBO телеарнасы тікелей эфирден тарататынын да айта кетейік. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 254: Жеңіске жеткен Хабиб спорттағы мансабын аяқтады
UFC 254: Жеңіске жеткен Хабиб спорттағы мансабын аяқтады
Ғалымдар саумал мен бактерияны біріктіріп дәрі жасады
Ғалымдар саумал мен бактерияны біріктіріп дәрі жасады
Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Сақтар мен ғұндардың киім үлгілері
Сақтар мен ғұндардың киім үлгілері
Эль-Класикода "Реал" жеңіске жетті
Эль-Класикода "Реал" жеңіске жетті
Қазақтың ұлттық сусындары
Қазақтың ұлттық сусындары