Неймар тікелей эфирде сүйіктісіне сезімін білдірді

Неймар тікелей эфирде сүйіктісіне сезімін білдірді

Бразилия құрамасы мен каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Неймар танымал актриса Бруна Маркезиниге Globo телеарнасының тікелей эфирінде сүйетінін жайып салды, деп хабарлайды bolarosa.com.

Каталондықтардың жаңа шабуылшысы Globo телеарнасының бір бағдарламасында сүйіктісіне өз сезімін жеткізген:

"Арақашықтық әр уақытта қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Қазір біз бір-бірімізден алыста жүрміз, алайда, жақында сен маған ұшып келіп, сонда мен саған сүйетінімді айтам деп үміттенемін", - депті Неймар. 

"Мен сені өте-өте қатты жақсы көремін. Көп күттірмей бірге боламыз. Біздің махаббат барлық қиындықтарды жеңіп шығады", - деп Маркезини де тіл қатыпты. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: bolarosa.com

Л. Лига