Фернандо Алонсо - табысы ең жоғары шабандоз

Фернандо Алонсо - табысы ең жоғары шабандоз

Forbes журналы әлемдегі ең жоғары жалақылы шабандоздардың тізімін жариялады. Бұл туралы crash.net хабарлауда.

Тізімге 2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың маусымына дейінгі аралықта ең көп табыс тапқан шабандоздар енген. Бірінші орында Формула-1 жарысында бақ сынап келе жатқан «Ферраридің» испандық автошабандозы Фернандо Алонсо тұр. Испан жігітінің жылдық табысы 30 миллион еуроны құраған. 

Тізімге «NASCAR турнирінің де дүлдүлдері ілінгенін айта кеткіміз келеді. 

Әлемдегі ең жоғары жалақылы шабандоздардың ондығы:

1. Фернандо Алонсо (Формула-1) - 30 млн доллар (28 млн жалақы және 2 млн жарнамадан). 

2. Льюис Хэмилтон (Формула-1) – 27.5 млн доллар (26 млн жалақы және 1.5 млн жарнамадан).

3. Дейл Эрнхардт-кіші (НАСКАР) - 26 млн доллар (13 млн жалақы және 13 млн жарнамадан).

4. Джимми Джонсон (НАСКАР) - 24 млн доллар (173 млн жалақы және 6.7 млн жарнамадан)

5. Валентино Росси (MotoGP) - 22 млн доллар (12 млн жалақы және 10 млн жарнамадан).

6. Тони Стюарт (НАСКАР) – 18.5 млн доллар (12.5 млн жалақы және 6 млн жарнамадан).

7. Джефф Гордон (НАСКАР) – 18.2 млн доллар (12.7 млн жалақы және  5.5 млн жарнамадан).

8. Себастьян Феттель (Формула-1) - 18 млн доллар (17 млн жалақы және 1 млн жарнамадан).

9. Даника Патрик (НАСКАР) - 15 млн доллар (6 млн жалақы және 9 млн жарнамадан).

10. Дженсон Баттон (Формула-1) - 14 млн доллар (14 млн жалақы).

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sport.news.am

Л. Лига