Зидан: "Ешкім де 100 млн тұрмайды"

Зидан: "Ешкім де 100 млн тұрмайды"

Мадридтік «Реалдың» бас бапкер көмекшісі Зинедин Зидан әлемдегі бірде бір ойыншы, тіпті, команданың жаңа футболшысы Гарет Бейл де 100 миллион еуро тұрмайды деп есептейді. 

"Бұл туралы бір жылдан соң сұраңыз. 10 жыл бұрын мені 75 миллион еуроға сатып алды, сонда мен мұнша ақшаға тұрмайтынымды айтқан едім. Бүгінде мен соны қайталауға пейілдімін. Екі клуб бағасын келіседі және екі жақ та бір-бірін мәжбүрлей алмайды. Бұл - футбол. Өкінішке орай, клубты мұнша ақша төлеуге мәжбүрлеу, ойға сыймайды." - дейді Зинедин Зидан.

Естеріңізде болса, ұзақ жылдар бойына француз ойыншысы "тарихтағы ең қымбат ойыншы" деген атаққа лайықталып келді. 2001 жылы ол туриндік "Ювентус" сапынан "Реалға" 75 миллион еуроға ауысқан болатын. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sport.news.am

Л. Лига