Жанкүйерлер Финонченконы ең үздік деп тануда

Жанкүйерлер Финонченконы ең үздік деп тануда

Қарағандылық "Шахтердің" шабуылшысы Андрей Финонченко жанкүйерлер тарапынан Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы өткізген ойынында ең үздік ойыншы болып танылып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сауалнама барысында мыңдаған адам дауыс берген және сұхбаткерлердің тең жартысы ұзақ үзілістен кейін ұлттық құрамға шақырту алған Финонченконы сөзсіз бірінші орын иесі деп таныған. Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орын тағы бір аға ойыншы Нұрбол Жұмасқалиевке бұйырса, үшінші орында "Шахтердің" ойыншысы Сергей Хижниченко жайғасқан. 

Естеріңізге сала отырсақ, Мирослав Беранектің тәлімгерлері Фарерге қарсы өткен ойында 2:1 есебімен басым түсті. Финонченко екінші таймда алаңға шығып, жеңіс голының авторы атанды. 

10 қыр кыркүйек күні ұлттық құрамамыз 2014 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Швеция құрамасымен кездесетін болады. Ойынның басталу уақыты - 22:00

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vesti.kz



Л. Лига