Месси жеке диетолог жалдады

Месси жеке диетолог жалдады

Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» көшбасшысы Лионель Месси кезекті жарақат алып қалуды болдырмау үшін жеке диетолог жалдап отыр. 

Ойыншы өткен маусымдағы өзінің физикалық қарым-қуатына көңілі толмаған болатын, өйткені, Чемпиондар Лигасының ең жауапты ойындары таяған тұста бар ерік-күшін жұмсауға жарақаты кедергі келтірген-ді. 

Диетолог ойыншының тамақтануы мен салмағын қадағалап отырады. Мессидің ішкі үміті бойынша, осы арқылы оң аяқтағы тізе асты сіңір жарақатын түпкілікті емдеуге мүмкіндік бермек. Маман Лионельмен жазғы демалыста-ақ іске кірісіп кеткен, арада бір ай өтер-өтпесте ойыншы 2 келіге салмақ тастаған.

26 жастағы футболшы жаңа маусымға көп үміт артатынын және өнер көрсетуіне жарақаттың кедергі келтіруіне жол бермейтіндігін алға тартуда. 

Естеріңізге салсақ, Месси Чемпиондар Лигасының «Баварияға» қарсы өткен жауапты ойынында жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: footballisimo.ru

Л. Лига