Голливуд жұлдыздарының сүйікті командалары

Голливуд жұлдыздарының сүйікті командалары

Футбол - қашанда өз жанкүйерлерін жоғалтпасы анық. Егер сіз де футболға қызықсаңыз, сүйікті командаңыздың жанкүйері боларсыз. Ал Голливуд жұлдыздарының сүйікті командаларын білгіңіз келе ме?

Алисса Джейн Милано


Танымал актриса және әнші Алисса Джейн Милано есімі Милан қаласының атымен сай келгенімен, ол "Интер" командасының жанкүйері.

Джейсон Стэтхэм

Голливуд жұлдызы танымал киноактер Джейсон Стэтхэм бала кезінен футболды жақсы көрген екен. Тіпті жастар футбол командасында да ойнаған көрінеді. Бірде фильмге түсірілім "Челси" алаңында болады. Лондондық клубтың кездесуін тамашалаған Джейсон сол күннен бастап "Челсиға" жанкүйер болып келеді.

Самуэль Л.Джексон

Ағылшындық "Ливерпуль" ұжымына жанкүйерлік жасайтын Голливуд жұлдыздары көп десек те болады. Солардың бірі актер - Самуэль Л.Джексон. Бұл актер да фильмге түсірілім кезінде "қызылдар" жанкүйерлерінің мәдениетіне риза болып, "Ливерпульді" сүйікті командасына айналдырыпты.

Лайам Нессон

"Ливерпуль" командасына жақтасатын Голливуд жұлдыздарының бірі Лайам Нессон. Ол "Энфилд" стадионында жиі қонақта болады.

Антонио Бандерас

Антонио Бандерас талай баспасөз беттерінде каталондық команданың жанкүйері екенін мәлімдеп келеді. Алайда операторлар Голливуд жұлдызын "Ноу Камптағы" ойынға келген сәтін байқамаған көрінеді.

Анджелина Джоли

Әлемге танымал актрисаның "Ливерпуль" командасына жанкүйер екені 2003 жылы белгілі болған. Ол сол жылы камбоджалық бала Мэддоксты Ливерпульдегі "Олдер Эй" балалар клиникасында емдеткен. Мэддокс "Ливерпуль" командасында доп тебуді армандайды екен. Мұны білген Анджелина Джоли ұлымен ағылшындық ұжымның кездесуіне барған.Содан бері Голливуд жұлдыздары отбасымен "Ливерпуль" жанкүйері болып келеді.

Сильвестер Сталлоне

Американдық актер әйгілі "Рэмбо" және "Рокки" жауынгерлік фильмдерінің қаһарманы Сильвестр Сталлоне ағылшындық "Эвертон" футбол ұжымына жанкүйерлік етеді. Актер сүйікті командасының кездесулерін мүлт жібермей тамашалайды екен.

Камерон Диас

Бірде ағылшындық "Брентфорд" футбол ұжымының басшылығы Камерон Диасты команданың кезекті бір кездесуіне шақырған көрінеді. Содан бері танымал Голливуд жұлдызы клуб алаңында жиі қонақта болады екен.

Роуэн Аткинсон

Атақты комедиялық фильмдерде ерекше рөлімен танылған Роуэн Аткинсон футболға аса қызықпаған екен. Бірде фильм түсірілімі кезінде "Сент Джеймс Паркке" барған актер, жергілікті "Ньюкасл" командасының жанкүйері болып шыға келген көрінеді.

Жан-Клод Ван Дамм

Дағыстанда мамыр айында ашылған "Анжи Арена" стадионының ашылу салтанатына келген әйгілі актер және кинорежиссер Жан Клод Ван Дамм өзінің "Анжи" командасының жанкүйері екенін мәлімдеген.

Ал сіз футболға қызықсаңыз қандай команданың жанкүйерісіз?

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: xvatit.com, sportdialog.ru

Ө. Сансызбай