ESPN телекомпаниясының жүлделері өз иелерін тапты

ESPN телекомпаниясының жүлделері өз иелерін тапты

Американдық теннисші қыз Серена Уильямс ESPN телекомпаниясының әйелдер арасындағы жылдың үздік спортшысына табыстайтын ESPY жүлдесіне ие болды.

WTA рейтингісінде топ бастап келе жатқан Серена өткен күнтүзбелік жылда екі бірдей «Үлкен дулыға» жарысын (US Open-2012 және «Ролан Гаррос»-2013), Олимпиада ойындарын және WTA қорытынды турнирін ұтып алған болатын.  Серена 2003 жылы да осы сыйлыққа ие болған еді. Ол сондай-ақ ESPN тағайындаған үздік теннисші қызға берілетін марапатты да иеленіп отыр. Өткен жылы бұл сыйлықты ресейлік қыз Марина Шарапова иеленген еді. Ал ерлер арасында үздік теннисші атағы осымен екінші рет серб Новак Джоковичке бұйырып отыр.  

Ерлер арасында барлық спорт түрінен жылдың үздігі болып баскетболшы Леброн Джеймс аталды. Ол ойнайтын «Майами Хит» клубы үздік команда болып танылды. Одан бөлек Леброн осымен үшінші рет НБА біріншілігінің үздік ойыншысы атағына да ие болып отыр.  

Үздік Халықаралық атлет атағына ямайкалық желаяқ, қазіргі таңдағы әлемдегі ең жылдам адам Усэйн Болт лайық деп танылды. НХЛ тұрақты хоккей біріншілігінің үздік ойыншы атағы канадалық «Питтсбург Пингвинз» капитаны Сидни Кросбиге бұйырса, ал MLS футбол чемпионатында «Нью-Йорк Ред Буллз» клубының шабуылшысы, атақты француз ойыншысы Тьери Анри оза шықты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: espn.go.com

Б. Қосмағамбет