Конфедерация Кубогының үздіктері анықталды

Конфедерация Кубогының үздіктері анықталды

Конфедерация Кубогының ұйымдастырушылары турнирдің ең үздік ойыншыларына жеке жүлде табыстады.

Сонымен өз атына төрт доп пен бір нәтижелі пас жазған Испания құрамасының шабуылшысы Фернандо Торрес үздік бомбардир атанды. Мұндай нәтижені Бразилия құрамасының ойыншысы Фред та көрсетті. Алайда Торрес аталған нәтижелерге Фредке қарағанда аз ойын уақытында жеткен екен. Торрес өз атына жазылған бес доптың төртеуін турнирдің басты аутсайдері Таити қақпасына тоғытқанын да айта кетейік. Ал Фред қос добын Испания құрамасына қарсы ойында салды. 

1

Фернандо Торрес

Ал Конфедерация Кубогының үздік ойыншысы болып бразилиялық сұрмерген, шабуылшы Неймар атанды. Оған "Алтын доп" жүлдесі табысталды. 21-жасар форвард бұл турнирде төрт гол соғып, екі нәтижелі паспен көзге түскен. 

"Барселона" клубының жаңа футболшысы осыған дейін Бразилияның Жапониямен, Мексикамен, Италиямен және Испаниямен болған ойындарында қатарынан төрт рет матчтың үздік ойыншысы атанған еді. 

"Күміс доп" Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньестаға бұйырса, "Қола доп" бразилиялық Паулиньюдің қанжығасында кетті. 

Қақпашылар арасынан үздік болып турнир жеңімпазы Жулио Сезар атанды. Оған жүлде ретінде "Алтын қолғап" табысталды. 

2

Жулио Сезар

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zakarpatie.com.ua

Б. Қосмағамбет