Головкин кезекті жеңісіне жетті (видео)

Головкин кезекті жеңісіне жетті (видео)

АҚШ-тың Машантукет қаласында аяқталған бокс кешінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Мэттью Маклинге қарсы жекпе-жек қорытындысында қарсыласын нокаутпен ұтып, өз атағын қорғап қалды.  

Гонг үні естілісімен қазақстандық жекпе-жектегі басымдықты бірден өз қолына алды. Бірінші раундта қос боксшы аңдысып, өз тактикаларын қоюға тырысып бақты. Осы тұста Генаның қарсыласқа дарытып үлгерген екі-үш жойқын соққысын айта кетуіміз керек. Мэттью де қарап қалған жоқ. Реті келген кезде жауапты соққылар беруге тырысып жатты.  

Ал кездесудің үшінші раунды рингте кімнің жеңіске жететіндігін толықтай анықтап берді. Генаның ойын басындағы қарсыласын шаршатып алуды көздеген тактикасы ақыры өз жемісін алып келді. Раунд аяқталуға жарты минут қалғанда ашылып қалған Маклиннің бауыр тұсын дәл соққымен көздеген Головкин қарсыласын бокстағы ең ауыр нокаутқа жіберді. Ал британдық болса өз аяғымен рингке тек бірнеше минуттан соң ғана тұра алды.

Осылайша қазақстандық Геннадий Головкин (GGG) өзінің 27 кездесуіндегі 27-жеңісіне жетті. Оның 24-ін нокаутпен ұтқанын да айта кетейік. Осы жеңісінің арқасында Гена 350 мың АҚШ доллары сыйақысын алса, жеңіліске ұшырағанына қарамастан Маклин 300 мың доллар қаржыны қанжығасына байлайтын болады. 



Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: boxing.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"