Головкин мен Маклин кездесу алдында бірдей салмақ көрсетті (видео)

Головкин мен Маклин кездесу алдында бірдей салмақ көрсетті (видео)

АҚШ-тың Машантукет қаласында орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық үміткер Мэттью Маклин ертеңгі кездесуге орай көпшілік алдында салмақ өлшеді. Бұл шараны атақты конферансье Майкл Баффер жүргізді.  

Таразыға тартылған қос спортшы да өздерінің нағыз орта салмақта екендіктерін дәлелдеп берді. Бір қызығы екеуінің де салмағы бірдей 159 фунтты (яғни 72,12 келі) көрсетті. 

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Маклин арасындағы кездесу 30 маусым күні Машантукеттегі (Коннектикут штаты, АҚШ) Foxwoods Resort Casino аренада өтеді. Кездесу HBO бокс арнасындағы Boxing After Dark сериясы аясында болатын кештің басты оқиғасы атанбақ. Еліміздің көрермендері аталған кездесуді таңертең Астана уақытымен 09:00-де "Қазақстан" ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

 

Дайындаған: Болат  Қосмағамбет

сурет: insidehboboxing.com

Б. Қосмағамбет