GGG бейсбол матчынан бой көрсетті

GGG бейсбол матчынан бой көрсетті

Бокссүйер қауым асыға күтіп отырған қазақстандық Геннадий Геннадийұлы Головкин (GGG) мен британдық Мэттью Маклин арасындағы кездесудің басталуына да төрт күннен аз ғана уақыт қалды. Қазір қос боксшы үшін де дайындықтың нағыз қызған шағы. Алайда соған қарамастан Гена "Нью-Йорк Янкез" пен "Техас рейнджерлері" арасында өткен бейсбол матчын тамашалауға да уақыт тауыпты. Бұл туралы ақпаратты ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі әлем чемпионының жанкүйерлер тобы хабарлады. 

1

2

Бұл кешке Головкин құрметті қонақ ретінде шақырылған екен. Ал оның алдағы аптадағы қарсыласы Маклин өз мансабы жолындағы ең басты кездесулерінің біріне қызу дайындық үстінде.

3

4

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Головкин мен Маклин арасындағы кездесу 30 маусым күні Машантукеттегі (Коннектикут штаты, АҚШ) Foxwoods Resort Casino аренада өтеді. Кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы тікелей эфирден Астана уақытымен таңертеңгі сағат 09.00-де көрсетеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

Б. Қосмағамбет