"Уил Пауэр" - "Нова-2010": 58-0

"Уил Пауэр" - "Нова-2010": 58-0

Англияның "Уил Пауэр" (Wheel Power FC) футбол клубы бір кездесудің ішінде "Нова-2010" қарсыласының қақпасына 58 доп кіргізіп, жаңа рекорд орнатты. The Daily Mail агенттіігі хабарлап отырғандай, бұндай "жемісті" ойынды Англия тарихы бұрын-соңды көрмеген.

Бұл кездесу жексенбі күні Торкий қаласыңының маңында, Торбий лигасы аясында "Уил Пауэр" командасының алаңында өткен болатын. Бір айта кететіні, екі футбол клубы да әуесқой деңгейде өнер көрсетіп жүр.

"Нова-2010" футбол клубының осындай есеппен жеңілгенін жасыл алаңға команда тарапынан бес-ақ футболшы шыққанымен түсіндіруге болады. "Нова-2010"-ның әр футболистіне екі адамның күшін салуға тура келді. Кейін командаға тағы 4 белгісіз адам қосылды. Бұндай "көмек" еш нәтиже бермеді. Команда орта есеппен әр бір жарым минут сайын қақпасына бір гол жіберіп отырды. Екі команда үзіліске 20-0 есеппен кетті.

Екінші таймда таблода 50:0 есебі көрінгенде, "Нова-2010"-ның  футболшылары төрешіден ойынды тоқтатуды сұрады. Бірақ, төреші бұл жағдайда айыппұл салынатынын сөз етіп, ойынның біткенше жалғасуын талап етті.

"Уил Пауэр" командасының да құрамы толық емес, 10 футболшысымен алаңға шыққан болатын. Бір қызығы "Уил Пауэрдің" намысын қорғап жүрген ағайынды Робби мен Стюарт Баукерлер 28 гол соққан.

Робби мен Стюарт Баукерлер

Cурет sportvia.ru, http://dynamo.kiev.ua